«Баязит-ата» бөбекжай балабақшасы жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Жетісай ауданы «Ш.Ділдабеков» ауыл округі «Сырабат » ауылы Думан көшесі №2 үйде орналасқан. Балабақша 2016 жылы күрделі жөндеуден өткізіліп, іске қосылған. Балабақша екі қабатты, ыңғайластырылған ғимаратта орналасқан. Бірінші қабатта ойын,жатын бөлмелері, әжетхана, дәрігерлік көмек бөлмелері, 3-топқа арналған шешінетін, оқу-ойын өлмелері, жататын, ыдыс жуатын бөлмелерден тұрады. Екінші қабатта шешінетін, оқу-ойын, ,сахналық бөлме бар.Су, электр жүйесі орталықтандырылған. Жылу жүйесі пеш арқылы газбен жылынады.Балабақша көгалдандырылған. жеміс ағаштары бар, гүлзарларға күтім жасалуда.Балабақша ауласында , ойын алаңы, әр топқа арналған саяжайлар бар. Карусель, әткеншектер, сырғанақ төбешіктері, құм толтырылған кіші бастырмалармен жабдықталған. Алаң ағаштан жасалған ертегі кейіпкерлерінің мүсіндерімен безендірілген.
Медицина бөлмесі балалардың антрополиметриялық өлшеулерін анықтайтын құралдармен, кварцпен, сауықтыруға арналған медициналық құралдармен және дәрі-дәрмектермен жабдықталған.
Балалар жас ерекшелігі бойынша 3 топқа бөлінген:
Кіші топ 20бала
Ортаңғы топ 25бала
Ересек тобы 25бала
Жалпы балалар саны-70
Проектілік қуаттылығы 75 балаға арналған
Жұмыс уақыты 5 күндік, сағат 08.00 ден 18-30дейін.
«Баязит-ата» бөбекжай-балабақшасындағы тәрбиеленушілерді жеке тұлғасын жан-жақты дамыту төмендегідей бағыттар бойынша көзделеген.
1. Әр баланың жеке қабілеттері мен қажеттіліктерін ескере отырып, жайлы дамытушы қауіпсіз білім беру ортасын, оның ішінде инклюзивті орта құру;
2. Балалардың өмірін қорғау және денсаулығын нығайту, салауатты өмір салты негіздерін қауіпсіз өмір сүру дағдыларын қалыптастыру;
3. Тәрбиеленушілердің қимыл-қозғалыс, бейімделу, коммуникативтік, эмоцианалдық, әлеуметтік, когнитивтік дағдыларын қалыптастыру;
4. Отанды ,ана тілін сүйюге, ұлттық бірегейлік пен азаматтық негіздеріне және потриотизмге баулу;
5. Баланың мектепке оқуға физикалық, психологиялық, эмоцианалдық әлеуметтік дайындығын қалыптастыру және тең бастапқы мүмкіндіктер беру;
6. Әр баланыңқызығушылықтарын,ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, жалпы адами және ұлттық құндылықтар негізінде оларды толыққанды дамыту мен әлеуетін ашу.